Ақмола облысында тағы 3 жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

205

Өңірде барлығы 16 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр, шілдеде тағы жеті нысан ашылады.  

Ақмола облысында тағы 3 жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді Фото: ҚР Көлік министрлігі Telegram

Ақмола облысында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Бұл жолы Шортанды кенті, Макинск және Ақкөл қалаларындағы жаңғыртылған теміржол вокзалдары пайдалануға берілді.

Жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылды. Бағдарламаға енгізілген нысандар саны бойынша Ақмола облысы көш бастап тұр. Қазіргі уақытта өңірде барлығы 16 теміржол вокзалы жаңғыртылуда.

Қайта жаңғырту барысында вокзалдардың қасбеттері мен ішкі бөлмелері жөнделіп, инженерлік желілер жаңартылды. Сондай-ақ жайлы күту залдары жабдықталып, навигация жүйесі жетілдірілді. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалы жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалды.

Айта кетейік, өңірде жаңғыртудан кейін алғаш болып Щучинск қаласының теміржол вокзалы ашылған болатын. Шілде айында тағы жеті вокзалды пайдалануға беру жоспарланса, Көкшетау қаласындағы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары қазан айында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу