Ақмола облысында тасжолды су шайып кетті

173

Автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. 

Ақмола облысында тасжолды су шайып кетті Фото: Қазавтожол

14 сәуірде еріген су деңгейінің көтеріліп, республикалық маңызы бар тас жолды шайып өтуіне байланысты Атбасар бағыты бойынша көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазавтожолға" сілтеме жасап. 

"14 сәуірде сағат 21:00-де Ақмола облысында су деңгейінің көтеріліп, жолды шайып өтуіне байланысты Көкшетау - Атбасар - 120-184 километр автожол учаскесінде және Максимовка кентінен Атбасар қаласына дейінгі учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу