Ақмола облысында тіс дәрігері 345 баланы сертификатсыз емдеген

266

МӘМС есебінен төленген 2,5 млн теңге мемлекетке қайтарылды.

Ақмола облысында тіс дәрігері 345 баланы сертификатсыз емдеген Фото: startsmile.ru

Степногорск қаласында тиісті маман сертификатынсыз балаларға медициналық қызмет көрсеткен тіс дәрігері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде негізсіз төленген 2,5 млн теңгеден астам қаражат мемлекетке қайтарылды.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, "Viamedis" ЖШС филиалында жұмыс істейтін тіс дәрігері балаларға медициналық көмек көрсету құқығын беретін сертификатсыз қызмет көрсеткен.

Тексеру барысында дәрігердің 345 кәмелетке толмаған пациентті қабылдағаны анықталды. Көрсетілген қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен төленген. Негізсіз төленген қаражаттың жалпы сомасы 2 569 792 теңгені құрады.

Прокурорлық қадағалау актісінен кейін заң бұзушылықтарды жою және қаражатты қайтару шаралары қабылданды. Нәтижесінде 2 569 792 теңге мемлекетке қайтарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу