Ақмола облысында төтенше жағдай қызметкерлері сотталды

499

Олар кәсіпкерлерден ақша талап еткен.    

Ақмола облысында төтенше жағдай қызметкерлері сотталды Фото: Google

Көкшетауда төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қалалық соттың үкімімен Көкшетау қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Т. және К. алаяқтық жасауға оқталғаны үшін сотталып, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Әрқайсысына 3 млн теңге айыппұл салынды", - делінген сот хабарламада.

Сондай-ақ олар аға лейтенант және азаматтық қорғаныс капитаны арнайы атағынан айырылды.

"ТЖБ аға инженерлері Т. және К. қолында тиісті материалдары болмаса да, қоқыс өртенгенде оқиға орнына бармай, компания басшысына әкімшілік жазаның айыппұл сомасының жартысын оларға берген жағдайда жауапкершіліктен құтылуды ұсынған. ЖШС басшысы қызметкерлердің әрекеті заңсыз екенін түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген.

Нәтижесінде олар 200 мың теңге алған кезде ұсталды. Осылайша Т. және К. ауыр дәрежеде алаяқтық жасаған (Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі)", - деп жазылған хабарламада.

 

Сотталғандар өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінгенін айтқан.

Олардың кінәсі куәгерлердің, жәбірленушінің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен расталды.

Жәбірленушіге келтірілген залал толық өтелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу