Ақмола облысында туристік полиция өз жұмысын бастады

1140

Полицияның қызметі өңірдегі табиғаты көркем Зеренді және Бурабай курорты аймақтарында көрсетілетін болады.

Ақмола облысында туристік полиция өз жұмысын бастады

Елімізде жақында ғана құрылған туристік полицияның Ақмола облысындағы өкілдері өз жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды 24.kz.

Полицияның қызметі өңірдегі табиғаты көркем Зеренді және Бурабай курорты аймақтарында көрсетілетін болады.

"Әкімшілік іс қозғау және тағы да басқа әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау біздің міндетімізге жатпайды. Бідің міндет – кеңес беру, алдын алу жұмыстарын өткізу және олар жол көрсету. Шетел азаматтары мен туристер білместіктен құқық бұзушылық жасап қоймауының алдын алу",– дейді туристік полиция инспекторы Әділхан Кәрімов.

Туристік полицияға жаңа киім ғана емес, курортты аймақтың ауасын ластамау үшін электромобиль де берілген. Енді олар сонымен Бурабайды аралап, күндіз-түні қызмет атқарады. Айтпақшы, туристерге жол көрсететін полицейлердің барлығы қазақ және орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін де меңгерген.

Курортты аймақтағы тәртіп сақшылары бақылау жағынан тек шетелдіктердің виза мерзімін ғана тексере алады.

"Жалпы, Бурабайға былтыр 400 мыңға жуық турист келсе, биыл бұл көрсеткіш 600 мыңнан асып, тіпті 700 мыңға жетеді", – дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу