Ақмола облысында түрмеде жазасын өтеуші қару жасырғанын мойындады

220

Күдікті Астана–Қарағанды тас жолының бойына оқ-дәрі жасырған.  

Ақмола облысында түрмеде жазасын өтеуші қару жасырғанын мойындады Фото: pixabay.com

Аршалы ауданының прокурорлары Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен түрмедегі жазасын өтеушімен құпия әңгіме өткізген. Сол сәтте сотталған адам қаруды қай жерге жасырғанын айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақпаратты тексеру барысында Астана-Қарағанды автожолында, Аршалы ауданының Шоптықөл елді мекенінің маңында атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.

Қару-жарақ пен оқ-дәрілердің ел аумағына шетелден әкелінген болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының қару-жарағы құрамында жоқ).

Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша алдын ала тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу