Ақмола облысында үй өртеніп, үш бала қайтыс болды

1994

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 2004 және 2012 жылы туған екі бала мен олардың ата-анасы сынған терезе арқылы сыртқа шығып үлгерген.

Ақмола облысында үй өртеніп, үш бала қайтыс болды

Бүгін таңға жуық Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қайтыс болды, деп хабарлады ІІМ ТЖ комитеті.

Үйде көпбалалы отбасы – 7 адам тұрған: 1979 және 1981 жылдары туған ата – анасы, 5 баласы – 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұлдары мен 2012 жылы туған қыз бала.  

"Атбасар қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 25 шақырымды құрайды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы өздігінен шықты. Өрт салдарынан үйдің төбе жабыны құлады. Сағат 06:40-та өрт ауыздықталды, сағат 08:25-те сөндірілді, үйінділерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Өрт орнында үш баланың мәйіті табылды",– деп жазылған хабарламада.

Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу