Ақмола облысының Зеренді ауылында үй өртеніп, 37 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өртенген үйден ер адамның мәйіті табылған. Өрт аумағы – 115 шаршы метр.
Алдын ала болжам бойынша тұрғын иіс тиіп, көз жұмған.
"Сондай-ақ үйден 1961 жылғы ер адам шығырылып, ауруханаға жеткізілді. Оның денесін орташа күйік шалған. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр", - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 8 маманы мен 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу