Ақмола облысында ұрылар 20 тонна жасымықты қолды қылмақшы болды

818

Ақмола облысында ұрылар 20 тонна жасымықты қолды қылмақшы болды

Щучье ауданында үш азамат 20 тонна жасымықты ұрлап кетті, деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Мекеменің ақпараты бойынша, 13 ақпанда Бурабай аудандық ІІБ-не Шучье қаласының  53 жастағы тұрғыны белгісіз үш адам өзіне тиесілі кәсіпорын аумағына еніп, 55-жастағы күзетшіге күш қолданып,  20 тонна жасымықты ұрлап кеткені туралы арыз түсірген. Келген залалдың құны 1,5 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында олардың Щучье қаласының үш тұрғыны екені анықталып, ұсталды, деді полиция өкілдері.

"13 ақпанда, таңғы төрттер шамасында, медициналық маска киген үш ер адам диірменге баса-көктеп кіріп, күзетшіге күш қолдана отырып, 20 тонна жасымықты тиеп әкеткен.  Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің бұл істі алдын ала жоспарлағанын анықтады.  Олар бір апта бұрын КамАЗ көлігін жалдап, жергілікті студенттермен сөз байласып, қапталған жасымықты тиеп әкетпекші болды. Осы жұмыс үшін қылмыскерлер студенттің әрқайсысына 5 мың теңге төлеуге уәде берген", – деді баспасөз қызметі.

ІІД  күдіктілердің қаладағы диірмендердің біріне ұрланған дәнді өткізбек болып жатқан жерінде ұсталғанын мәлім  етті. Ұрланған зат тәркіленді. ҚР ҚК 191 бап  2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Тергеу жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу