Ақмола облысында ұзындығы 220 метрлік кәуап дайындалады

1014

Алдыңғы рекорд 2007 жылы Сингапурда орнатылған еді, сол кездегі кәуаптың ұзындығы 140 метрді құрады.

Ақмола облысында ұзындығы 220 метрлік кәуап дайындалады

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Ақмола облысында еліміздегі ең ірі Макинск құс фабрикасы іске қосылады. Сол күні кәсіпорынның 200-ден астам қызметкері тауық етінен ұзындығы 220 метр кәуап дайындап, жаңа әлемдік рекорд орнатпақ. Рекорд ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабында тіркеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның БАҚ пен байланыс және PR менеджері Малика Бөлдекбаеваның айтуынша, кәуап дайындау үшін 400 килограмнан астам тауық еті пайдаланылады. Шамамен 3 мыңнан астам адам оның дәмін татады деп болжам жасалынып отыр.

"Айта кету керек, рекордтар кітабына енген алдыңғы рекорд 2007 жылы Сингапурда орнатылған еді, сол кездегі кәуаптың ұзындығы 140 метрді құрады. Біз барлық қазақстандықтарды біздің мерекеге атсалысуға шақырамыз", – дейді "Aitas KZ" АҚ құрылтайшысы және бас директоры Серік Толықпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу