Ақмола облысының Степногорск қаласында үй жануарлары мен аңдарға арналған вирусқа қарсы вакцина шығаратын жаңа цех іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.
Онда өндірілетін дәрі-дәрмектер малдың түрлі ауруға шалдықпауына сеп болады. "Ұлттық биотехнология орталығы филиалының мамандары бұл дәрілік препараттың елімізде теңдесі жоқ", – дейді. Ал орталықтың осыған дейінгі сиыр мен қой ауруларына қарсы ойлап тапқан екпесі қазір нарыққа шығып үлгерді. Аталған вакциналар қазір ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария комитетінің тапсырысымен өнідіріліп жатыр.
Айта кетейік, жалпы мұндай вакциналар, елімізде бұған дейін өндірілмеген. Орталықта бүгінде 170 адам 10 зертханада жұмыс істейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу