Ақмола облысында заңсыз берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

158

Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.

Ақмола облысында заңсыз берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды Фото: canva.com

Көкшетау қаласының прокуратурасы тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдармен жер заңнамасының сақталуына мониторинг пен талдау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті атқарушы органдардың аукцион жүргізбестен өндірістік базаға қызмет көрсету үшін аумағы 1,3 га жер учаскесіне жеке меншік құқығын бергені аныкталды.

"Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша нарықтық құны 70 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке кайтарылды", - делінген Ақмола облысының прокуратурасы хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу