"4 жыл ешкім тексермеген": Ақмола облысында 65 жастағы әжей 2 жасар баласын өлтірді деген күдікке ілінді

2467

Полицейлер баланың өлімі туралы мүлдем кездейсоқ білген. 

"4 жыл ешкім тексермеген": Ақмола облысында 65 жастағы әжей 2 жасар баласын өлтірді деген күдікке ілінді Фото: видео скриншот

Щучье қаласында 65 жастағы әже асырап алған екі жасар баланы өлтірді деп күдікке ілінді. Полиция әжені ұстағанын растады. Тергеушілердің айтуынша, зейнеткер бүлдіршінді өлтіріп, кейін үйінің ауласына көмген. Сондай-ақ, оның қамқорлығында тағы төрт бала болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Полицейлер баланың өлімі туралы мүлдем кездейсоқ білген. Өткен аптада соққыға жығылған бес жасар бала балалар ауруханасына жеткізілді. Оған бас сүйек-ми жарақаты, басының артқы жағындағы гематома диагнозы қойылған әрі миы шайқалған.

Асырап алғушы асығыстықпен туу туралы куәлікті араластырып алған болуы мүмкін. Содан полиция күдіктінің отбасына баруды ұйғарды. Дәл сол кезде туу туралы куәліктің иесі 4 жыл бұрын көз жұмғанын анықтаған. Оның мәйіті бақшаға жерленген.

Қазір тергеушілер кісі өлтіру мен ұрып-соғуға 30 жастағы әйелдің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Бұл отбасында балалар үйінің жетім балалары патронаттық тәрбиеге, қорғаншылыққа немесе асырап алуға алынған. Аталған жағдайға қатысты арнайы тексеріс басталды.

"Баланың денесі табылған соң қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған дейін 2018 жылғы баланың мерт болғаны анықталған, алайда тиісті мемлекеттік органдарға өлім және жерлеу фактісі туралы хабарланбаған. Қазіргі уақытта сот-медициналық және бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақтияр Өтекин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу