Ақмола облысында жабайы қабанды атып алған браконьер ұсталды

387

Ер адамнан 12 калибрлі ИЖ-27 маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді.

Ақмола облысында жабайы қабанды атып алған браконьер ұсталды Фото: Polisia.kz

19 маусым Бұланды ауданының ПБ-ге учаскелік инспектор Д.Қаскеновтың Никольское ауылының маңында браконьерлікпен айналысқан екі ер адам жабайы қабанды атып өлтіргені туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Факт ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі “Заңсыз аңшылық”бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Жараланған жабайы қабанды полицейлер ауданның 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы УАЗ Patriot автокөлігінің жүксалғышында тапты. Жүргізушіден басқа көлікте жолаушы, 57 жастағы жергілікті тұрғын болған, ол жануарды атып өлтіргенін мойындаған. 

Ер адамнан 12 калибрлі ИЖ-27 маркалы тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, барлық мән-жайлар анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу