Ақмола облысында жаңа зауыт іске қосылды

1247

Ақмола облысында жаңа зауыт іске қосылды

Тұңғыш Президент күніне орай Ақмола облысының Макинск қаласында минералды жылуоқшаулағыш өндіретін жаңа зауыт іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.

Өндіріс ошағы 100-ден астам жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Ал жобаның жалпы құны 6 миллиард теңгеден асады. Заманауи технологиялармен жабықталған зауыт алғашқы өнімін өндіре бастады. Бұл – соңғы жылдары құрылыс барысында кеңінен қолданылып жүрген кәдімгі жылу сақтайтын минералды мақта негізіндегі материал.

Кәсіпорын әзірге өз өнімдерін тек ел ішінде саудалайды. Ал алдағы уақытта жылуоқшаулағышты көрші Ресейге де экспорттау көзделіп отыр.

Айта кетейік, қазір Ақмола облысында құрылыс заттарын шығаратын он шақты ірі кәсіпорын бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу