Ақмола облысында жаңа зауыт жұмысын бастады

842

Ақмола облысында жаңа зауыт жұмысын бастады

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы жұмыртқа салуға арналған қорап шығаратын жаңа зауыт алғашқы өнімін өндіре бастады, деп хабарлайды 24.kz.

Іске қосылғанына 2 айдан енді асқан кәсіпорын қазірдің өзінде Ақмола өңірімен қатар Қостанай және Қарағанды облысындағы құс фабрикаларымен әріптестік байланыс орнатып үлгерді. Ал жобаның жалпы құны – 440 млн теңге. Оның 120 миллионы компания басшылығының өз қаржысы болса, қалғаны "Даму-Өндіріс" бағдарламасы арқылы жеңілдікпен несиеге алынған.

Зауыт жылына 30 млн дана қорап шығаруға қауқарлы. Ал, еліміздегі құс фабрикаларының дені күні бүгінге дейін қорапты шетелден сатып алуға мәжбүр. Себебі ел аумағында мұндай зауыттар саусақпен санарлық.

"Қазір біз бір ауысыммен ғана, 11 адам жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта тағы екі ауысым іске қосылады. Ол кезде жұмысшылардың қатары 30-дан асады. Ал зауыт бір сағатта 4 мың қорап шығаруға қауқарлы", – дейді кәсіпорын жетекшісі Сергей Янулис.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу