Ақмола облысында жанар-жағармай сақталған қойма өртенді

234

Өрттен қоймадағы 1200 литр май және 3 жеңіл автокөлік жанып кетті, 

Ақмола облысында жанар-жағармай сақталған қойма өртенді Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Степногор қаласының Заводская кентінде қойма өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 15:14-те Заводская кентіндегі "Сантик" ЖШС-нің ауласында тұрған қоймадан шыққан.

"Тілсіз жаумен күреске ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтен 24 адам және 6 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің салдарынан 600 литр пайдаланылған май мен 600 литр таза мотор майы және 3 жеңіл автокөлік жанып кетті. Сағат 16:52-де өрт оқшауланды. Қазіргі кезде оны сөндіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге, өрттің шығу себебі де анықталып жатыр", - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу