Ақмола облысында жанармай цистернасы өртенді

846

Ақмола облысының Жібек жолы ауылында өрт сөндірушілер отқан оранған жанармай құятын цистернаны сөндірумен айналысып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

 Ақмола облысында жанармай цистернасы өртенді

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері өртті сөндіру үшін жедел шараларды қолға алды.

Оқиға орнында жеке құрамнан 17 адам, 3 қондырғы жұмыс істеп жатыр, оның екеуі - Нұр-Сұлтан қаласынан және 1 - Аршалы кентінен.

"Жолды полиция қызметкерлері жауып тастады, өрт сөндірушілердің жедел әрекетімен 19.21-де өрт оқшауланып, сағат 19.41-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу