Ақмола облысында жас жігіт жалған долларды теңгеге айырбастамақ болған

245

Жас жігіт жалған ақшаны қайдан алған?

Ақмола облысында жас жігіт жалған долларды теңгеге айырбастамақ болған Фото: Sputnik / Михаил Кутузов

Ақмола облысының тұрғыны банкте жалған долларларды айырбастамақ болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"21 жастағы ер адам Халық банкі филиалына келіп, 1 мың АҚШ долларына тең 10 жалған купюраны айырбастамақ болды. Банк қызметкерлері банкноттардың жалған екенін бірден анықтап, құқық қорғау органдарына хабарлады", – делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл бап жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау және айналымға енгізу бойынша жауапқа тартуды қарастырады.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сараптама банкноттардың нақты қайдан шыққанын және қаншалықты жалған екенін анықтайды", – дейді полиция өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу