Ақмола облысында жас жігітті бұрынғы сыныптасы пышақпен жарақаттады

121

Ақмола облысында тұрғынды бұрынғы сыныптасы пышақпен жарақаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақмола облысында жас жігітті бұрынғы сыныптасы пышақпен жарақаттады Фото: canva

Оқиға 24 сәуір күні Макинск қаласында болған. Жергілікті 18 жастағы тұрғын медициналық мекемеге пышақ жарақатымен жеткізілген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті ретінде жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Ақмола облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Заңнамаға сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу