Ақмола облысында жасөспірімдер бірінің үстіне бірі отырып мопед айдаған

264

Анықталған бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Ақмола облысында жасөспірімдер бірінің үстіне бірі отырып мопед айдаған Фото: Бейнежазбадан

Ақмола облысында полицейлер мопедтерде жол қозғалысы ережелерін бұзған жасөспірімдерді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйек сағат 21:00 шамасында "Назар аударыңыз, балалар!" және "Жасөспірімдерді бақылау" жедел профилактикалық іс-шаралары аясында № 18 ППБ учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камераларының мониторингі барысында мопедтерді басқарған жасөспірімдерді анықтады.

Кәмелетке толмағандар жол қауіпсіздігі талаптарын бұзып, қауіпті трюктерді орындап, өздерінің және басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретіні анықталды.

– Осы факт бойынша 18 жастағы жүргізушіге қатысты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарғаны, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын және жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізулер жасалды. 17 жастағы жасөспірімге қатысты жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізілді. Мопедтерге арналған құжаттар бар болды, – делінген хабарламада.

Жасөспірімдермен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Полиция ата-аналарды балалардың мопедтерге және басқа көлік құралдарына деген қызығушылығын назарда ұстауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу