Ақмола облысында жауапсыз мердігерлерге 30 млн теңге айыппұл салынды

476

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жыл басынан бері 72 рет тексеру жүргізді.  

Ақмола облысында жауапсыз мердігерлерге 30 млн теңге айыппұл салынды Фото: gov.kz

Сапаны ұмытқан компаниялардың үстінен 69 әкімшілік іс қозғалған, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысында олқылықтар анықталған. Қазіргі таңда заң бұзушылықтардың 50 пайызы жойылып, қалған кемшіліктер түзетілуде. Сонымен қатар, 15 мердігер тиісті жобалау-сметалық құжатынсыз құрылыс жүргізген. Нәтижесінде 4 жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Қадағалау субъектілері әрдайым өз міндеттемелерін сапалы орындай бермейді. Мердігерлік ұйымдар жұмыстың дұрыс орындалуын мұқият тексермейді. Яғни олар жобамен де дұрыс таныспайды. Сол себепті сметалық құжаттарда қателік кетеді. Кейде тіпті ол құжатсыз да жұмыс жүргізеді. Ондай жағдайлар облыста көптеп кездеседі. Мұндай жағдай да біз мердігерлерді де, техникалық қадағалау субъектілерін де әкімшілік жауапкершілікке тартамыз", - дейді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Арман Ризанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу