Ақмола облысында жеке тұрғын үй өртенді

145

Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.  

Ақмола облысында жеке тұрғын үй өртенді Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысына қарасты Зеренді ауылында жеке тұрғын үй өртенді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ТЖМ мәліметінше, ауылдағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында гараж шатыры жанып, өрт жеке моншаның шатырына көшкен.

– Өрт сөндірушілер өрттің көрші ғимараттарға одан әрі таралуына жол бермей, жалпы ауданы 40 шаршы метр болған өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада.

Өрт болған жағдайда 112 нөмеріне хабарласу қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу