Ақмола облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен үш адам қаза тапты

1238

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ақмола облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен үш адам қаза тапты

Ақмола облысы Купчановка ауылында жеке тұрғын үйдегі өрт салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала мәлімет бойынша, үй иесі, 1976 жылы туған әйел отбасылық мереке өткізіп, ұлының кәмелетке толғанын достарымен бірге тойлады. Қонақтар шақырылды, олар кейін үй иесімен бірге өрттен қаза тапты", – деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіру кезінде 1994 жылы туған екі әйел мен ер адамның күйген мәйіттері табылды. Бір қонақ қашып үлгеріп, өрт сөндірушілерді шақырған.

Өрттің шығу себебі мен жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу