Ақмола облысында жел электр станциясы салынады

1719

Электр станциясының құрылысы 2021 жылы басталады.

Ақмола облысында жел электр станциясы салынады

Қазақстандық инвесторлар өңірде жалпы құны 60 млрд теңге болатын 2 жобаны жүзеге асырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бірінші жоба – қуаты 100 МВт жел электр станциясы. Ол Целиноград ауданында салынады. 

Ақмола облысы бойынша "Kazakh Invest" ҰК" АҚ-ның өңірлік директоры Ернұр Жолымбетовтың айтуынша, жобаны "Build Master Group" компаниясы жүзеге асырады. 

"Жел станциясы жылына 400 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. 22 заманауи жел турбинасын орнату жоспарланып отыр. Жобаның құны – 50,2 миллиард теңге. Оны іске асыру мерзімі – 2021 жылдың 3-тоқсаны мен 2023 жылдың 4-тоқсаны аралығы", - деп жазылды ұлттық компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Екінші жоба – жаңа кірпіш зауыты. Кәсіпорын Аршалы ауданында салынып жатыр. Ол жылына 120 млн дана кірпіш шығарады. 

"2021 жылы зауытты "SG Brick" компаниясы іске қосады. Салынған инвестиция көлемі – 10 млрд теңге. Өндірістің аумағы – 20 гектар. Онда 90-ға жуық маман жұмыс істейді", - деп жазылды хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу