Ақмола облысында жер жырту кезінде отызға жуық ескі құлпытас табылды

2368

Ақмола облысында жер жырту кезінде отызға жуық ескі құлпытас табылды

Ақмола облысында жер жырту кезінде отызға жуық құлпытас табылды. Мамандар бейіт басындағы белгілер 19 ғасырдың соңында қойылғанын айтады, деп хабарлайды 24.kz.

Бірнеше жыл бұрын осы аймақта Уәли ханның жерленгені белгілі болған еді. Ол жерде қазір мазар тұр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл қоныста Абылай хан сарбаздарының ұрпақтары өмір сүрген. Сондықтан Ақкөл, Қазақстан ауылдары талай құпияны қойнына басып жатқаны анық.
Белгілердің көбі оқуға жарамсыз. Жазуы танылғандардың бірі ханның сарбазы, екіншісі қажы ұлының құлыптасы екені анықталды.
Жергілікті кәсіпкерлер қорым маңын қоршап, насихат жұмыстарын жүргізіп, туристерді тартуға уәде етіп отыр. 

"Бұл жерде енді тегін адамға қойылған тас емес деп ойлаймын. Себебі мұндай тасты өздеріңіз білесіз бұрынғы уақытта кез келген адамға қоя бермейтін. Біздің ел өзі үш қажының елі деп айтып отыратын. Бұл Құлынбас қажы, Жолдас қажы, Байжігіт қажы деп отыратын", - дейді Қазақстан ауылының тұрғыны Базиля Теміртасова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу