Ақмола облысының Еңбекшiлдер ауданында жылына 2 млн тонна цемент өндiретiн iрi зауыттың құрылысы аяқталды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады
Аталмыш кәсiпорын басшысы Мұрат Молтұсыновтың айтуынша "Көкше-Цемент" ЖШС-да қазiргi уақытта құрылыс-монтаждық жұмыстар аяқталған, яғни жобаға құйылған 61,3 млрд теңге инвестиция толық игерiлген.
"Бүгiнде кәсiпорында iске қосу және жөндеу сондай-ақ нысанды iске қосу бойынша тиiстi құжаттарды рәсiмдеу жұмыстары жүргiзiлуде. Оған қоса дайын өнiмдi нарыққа шығару бойынша шаралар да басталып кеттi. Сынамалық режимде 4 200 тонна клинкер кiрпiшi мен 4 500 тонна цемент өндiрiлiп, тәжiрибе сәттi аяқталды, — деп атап өттi М. Молтұсынов.
Өңiр басшысы өз кезегiнде цемент зауытын тезiрек iске қосу қажеттiгiн айтты.
Зауытта қазiрдiң өзiнде 545 адам жұмыс iстеп жатыр, кәсiпорын iске қосылғаннан кейiн жұмысшылар санын 650-ге дейiн көбейтудi көзделген.