Ақмола облысында жоғалған колледж студенті табылды

978

Ақмола облысында бір күн бұрын колледж жатақханасынан белгісіз жаққа кетіп қалған 17 жастағы студент аман табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Ақмола облысында жоғалған колледж студенті табылды

"Жедел-іздестіру шарасы барысында сәуірдің 25-де жоғалған Виталий Садвакасов Степногор қаласынан табылды. Бозбаланың сөзінше, ол туған қаласына жолай кездескен көлікпен жеткен. Оның Степногор қаласындағы шағынауданда жүргенін көрген адамдар полицияға хабарлап айтты", – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, жоғалған жасөспірімді іздеуге Көкшетау қалалық полиция басқармасы және Краснояр учаскелік полиция бекетінің жеке құрамы, еріктілер жұмылдырылды.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу