Ақмола облысында жоғалған жасөспірім табылды

441

Кәмелетке толмаған бала өз еркімен үйден кетіп қалған.  

Ақмола облысында жоғалған жасөспірім табылды Фото: Polisia.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"22 сәуір күні Астрахан аудандық полиция бөліміне аудан ауылдарының бірінде 15 жасар жасөспірім қыз жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. 21 сәуірде кешкі сағат 18:00 шамасында кәмелетке толмаған бала үйден шығып, қайтып оралмағаны, сонымен қатар байланысқа шықпағаны белгілі болды", делінген хабарламада.

Тексеру барысында жасөспірім мен туыстарының арасында жасөспірімнің әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт өткізуіне байланысты жанжал туындағаны анықталды. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің белгісіз бағытта жоғалып кету фактісін тіркеп, дереу іздеу шараларына кірісті. 

Астрахан АПБ қызметкерлері қыздың достары мен таныстарынан, такси және қоғамдық көлік жүргізушілерінен сұрақтарға жауап алып, Жалтыр станциясы және Атбасар қаласындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді. Нәтижесінде жасөспірімнің ілеспе бағыттағы автокөлікпен Астанаға жетіп, одан әрі Көкшетауға кеткендігі анықталды. 

22 сәуір күні полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жасөспірімді Көкшетау қаласынан тапты. Қазіргі уақытта ол Астрахан ауданына жеткізіліп, туыстарына тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу