Ақмола облысында жоғалған жігіттің денесі жазық даладан табылды

154

Біржан сал ауданының із-түзсіз жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғынына қатысты екі аптадан астам уақыт іздеу жұмыстары жүргізілді. 

Ақмола облысында жоғалған жігіттің денесі жазық даладан табылды Фото: ҚазАвтоЖол

Ер адамның мәйіті жазық даладан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

24 жастағы мүгедек жігіттің жоғалғаны туралы хабар полицияға 19 қараша күні түскен. Кейін ол 14 қарашада жоғалғаны мәлім болды. Осы аралықта жігіттің туыстары оны өз күшімен табуға тырысқан. 

Ата-анасының айтуынша, бұған дейін баласы көрші ауылдағы туыстарына жаяулатып жиі барып жүрген. Бірақ бұл жолы туыстарына жете алмаған. 

"Дереу іздестіру шаралары ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері, еріктілер мен жанашыр азаматтардан арнайы топтар құрылды. Іздестіру топтары орманды әрі далалы алқаптарды, жақын маңдағы елді мекендерді аралап шықты. Аумақты кеңірек қамту үшін дрондар мен қызметтік көліктер пайдаланылды", – делінген полиция департаменті мәліметінде. 

30 қарашада полицейлер жоғалған адамның денесін жазық даладан тапты. Алдын ала себеп ретінде аталған ер адам үсіп өлуі мүмкін екені айтылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу