Ақмола облысында жол апаты салдарынан 4 адам ауруханаға түсті

1405

Ақмола облысында жол апаты салдарынан 4 адам ауруханаға түсті

Ақмола облысының Бурабай ауданында "Тойота Карина" жеңіл көлігі мен "ДАВ" жүк көлігі соқтығысып, 4 адам зардап шекті.

 "Қазавтожол" РМК қызметкерінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасы 16  қазанда кешкі сағат 20:10 шамасында "Астана-Петропавл" тас жолының 250-шақырымында орын алған.

"Бурабай ауданындағы Ақылбай ауылының маңынан өтетін күре жолдың бойында "Тойота Карина" көлігін тізгіндеген 1981 жылы туған жүргізуші рөлге ие бола алмай,  жолдың қарсы бағытында келе жатқан "ДАВ" жүк көлігіне соғылды. Осының салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды", - деп көрсетілген хабарламада.

ҚазАқпарат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу