Ақмола облысында жол ережесін бұзған 80-нен аса самокат жүргізушісі анықталды

420

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақмола облысында жол ережесін бұзған 80-нен аса самокат жүргізушісі анықталды Фото: Inbusiness.kz

Ақмола облысының полицейлері жол ережесін бұзған 80-нен астам самокат жүргізушісін анықтады, деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында смокат жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережесін бұзудың 88 дерегі тіркелді. Оның ішінде 42 жүргізуші арнайы бас киім кимесе, 31 жағдайда кәмелетке толмағандар самокат тізгіндеген. Сонымен қатар көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 12 жүргізуші, мас күйде самокат жүргізудің 2 дерегі анықталды.

Айта кетейік, самокаттардың қозғалысын реттейтін заң 30 тамыздан бастап күшіне енген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу