Оқиға салдарынан Volkswagen Passat жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал Kia K5 көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтап, әсіресе қарбалас учаскелерде жылдамдықты төмендетуді және көліктің техникалық жағдайына назар аударуды ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу