Ақмола облысында жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

136

2026 жылы 22 ақпан сағат 15:20-да ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қостанай облысы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақмола облысында жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді Фото: canva

Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 377-552 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды.

Қазіргі таңда жол қызметтері жағдайды бақылауда ұстап, қар тазалау және жолды қауіпсіз күйге келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған жол учаскесін 2026 жылы 23 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр. Жүргізушілерге алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын нақтылап, енгізілген шектеулерді ескеруге кеңес беріледі.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу