Ақмола облысында жол сапасына жауапты 12 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

537

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың қатарында әкімдіктің бөлім басшысы, қызмет көрсетуші мекемелердің және жол жөндейтін мердігер компаниялардың жетекшілері бар, деп жазады inbusiness.kz.  

 Ақмола облысында жол сапасына жауапты 12 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды Фото: khabar24.kz

Полиция қызметкерлері қазан айында халықаралық және республикалық жолдардың талапқа сай келуін және қызмет көрсетуші компаниялардың техникалық жабдықталуын тексерді. Оның нәтижесі бойынша кемшілікті жою үшін облыс әкімдігіне ұсыныс жолданды.

"Көкшетау мен Макинск қалаларынан басқа барлық аудандарда қыста жол тазалайтын, көктайғаққа қарсы материал шашатын арнайы техникалар жетіспейді. Компаниялардың материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет. Барлық ақпаратты әкімдіктерге жолдадық", – деді Ақмола облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Азамат Байғазин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу