Өңірде такси жүргізушісі әйелді тонап, оның көлігін тартып алған астаналық ұсталды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.
ІІМ баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, жәбірленуші таксист әйел жолаушыны Қоянды ауылына апарған. Жолда оған жолаушы шабуыл жасап, ақша мен телефонды алып, әйелді далаға тастап, көлікті ұрлап кеткен. Такси жүргізуші ең жақын елді мекенге жетіп, сол жерде полиция қызметкерлерін шақырған. Ақмола облысының криминалдық полиция қызметкерлері Астанада бірнеше сағаттан кейін күдіктіні ұстаған.
"Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жәбір көрсетуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Түрлі баптар бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды, соның ішінде автокөлікті ұрлау және тонау бар", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.