Ақмола облысында жолда қалған 26 тәжікстандық құтқарылды

836

Олардың бәрі жылыту пунктіне жеткізілген. 

Ақмола облысында жолда қалған 26 тәжікстандық құтқарылды

Ақмола облысында мінген көліктері жолда қалдырып, аязда тоңған 28 адам құтқарылды, деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

"Бурабай ауданында Республикалық маңызы бар "Нұр-сұлтан – Петропавл" автожолынан техникалық ақау салдарынан "Сетра" маркалы жолаушылар автобусы тоқтады. Оның ішінде 3 жүргізуші мен 26 жолаушы (24 ер адам, 4 әйел, 1 бала) барлығы Тәжікстанның азаматтары. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ",– делінген хабарламада.

Олардың бәрі жылыту пунктіне жеткізілген. Оның ішінде 15 адам "Жалпы үлгідегі мектеп интернаты" ММ жатақханасына, 13 адам "Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжі" ММ жатақханасына орналастырылды. Медициналық көмекке мұқтаж емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу