Ақмола облысында жолда қалған 40 адам құтқарылды

838

Ақмола облысында жолда қалған 40 адам құтқарылды

Ақмола облысында жолда қалған 40 адам құтқарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады, деп жазады egemen.kz. 
24 наурыз түнгі сағат 01:26 шамасында Есіл ауданы аумағында "Жақсы-Есіл-Бұзулық" тас жолының жабылуына байланысты "Астана - Рудный" бағытындағы жолаушылар автобусында болған 26 жолаушы, оның 10 бала құтқарылды. Жолаушылар Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледжге жеткізілді.

"Құтқару жұмыстары аймақтық ТЖД жеке құрамынан 1 адам жəне 1 арнайы техника, жергілікті атқару органдарының 1 қызметкері мен техникасы жұмылдырылды", - деді Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар, ол Астрахань ауданы аумағында "Екатеринбург -Алматы"  тас жолының жабылуына  байланысты "Астана-Старый Колутон" бағытында жүретін "Газель" жолаушылар шағын автобусы 14 жолаушысымен қауіпсіз жерге (№4 Жалтыр ОМ) жеткізілгенін де атап өтті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, синоптиктер 23-24 наурыз күндері Ақмола облысы аумағында көктайғақ, қатты жел болатындығы туралы ескерткен болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу