Ақмола облысында жолда қалған 64 адам эвакуацияланды

421

Олардың барлығы – Өзбекстан азаматтары.  

Ақмола облысында жолда қалған 64 адам эвакуацияланды Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында жолда қалған өзбекстандық 64 жолаушы эвакуацияланды, оның 17-сі бала.

Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда "Жақсы-Есіл-Бұзылық" тас жолы Жақсы ауылының тұсында "Астана-Челябі" бағытындағы жолаушылар автобусы істен шыққаны туралы хабар түскен. 

"Шақыру орнына дереу Жақсы ауданының құтқарушылары А.Мақашев пен С.Қажымұратов барды. Олар істен шыққан автобуста болған 64 жолаушының барлығын (17 бала) Жақсы ауылындағы N1 орта мектепте орналасқан жылыту орнына жеткізді. Жолаушылардың ешқайсы медициналық көмекті қажет етпеді", - деді ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу