Ақмола облысында жолдың сапасына жауапты 38 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

1070

Мамандар халықаралық маңызы бар 8, республикалық маңызы бар 46 жолдың сапасын тексерген.

Ақмола облысында жолдың сапасына жауапты 38 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Ақмола облысында жолды күтіп ұстауға жауапты 38 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірде жол апатын алдын алу, жолдарда жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету үшін "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Әкімшілік полицияның аумақтық бөлімшелері жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, халықаралық маңызы бар 8 жолға, республикалық маңызы бар 46 жолға, жергілікті маңызы бар 70 жолға, 227 көше-жол желісіне тексеріс жүргізген.

Мамандар облыс аумағындағы жолдарда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды қар мен мұздан тазартуға тұрақты түрде бақылау жүргізеді.

"Тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді жоюға 351 ұйғарым берілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 631-бабы 1-бөлігі бойынша 39 лауазымды тұлға, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың 13, "Қазақавтожол" компаниясының 8 кәсіпорын басшысы мен лауазымды тұлғасы, сондай-ақ басқа жол ұйымдарының 18 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу