Ақмола облысында жолға шыққан жылқы апатқа себеп болды

281

Жылқы иесі мал жаю ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.  

Ақмола облысында жолға шыққан жылқы апатқа себеп болды Фото: zhasalash.kz

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасына себеп болған жылқының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 29 қыркүйекте кешкі уақытта Жарқайың ауданы Тассуат ауылының маңындағы "Державинск–Кийма" автожолында болған. Жолда жүрген атқа "ГАЗель" автокөлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан жүргізуші зардап шеккен жоқ. Алайда көлікке механикалық зақым келген.

Полиция оқиғадан кейін жылқының иесін анықтады. Оған ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылды.

Полицияның мәліметінше, қараусыз жайылған малдың жолға шығуы жүргізушілер мен жолаушыларға қауіп төндіреді. Жануарлармен соқтығысу көлікке зақым келтіріп, адамдардың жарақат алуына әкелуі мүмкін.

Құқық қорғау органдары мал иелерін жануарларды бақылауда ұстап, олардың жолға шығуына жол бермеуге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу