Ақмола облысында жүк пойызы оншақты жылқыны қағып кетті

369

Жоспарланбаған пойыз тұрағы 38 минутты құрады.

Ақмола облысында жүк пойызы оншақты жылқыны қағып кетті Фото: ҚТЖ

Ақмола облысы Қырықыншы-Сарыоба станцияларының аралығында жүк пойызы жеті жылқыны қақты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың 11 айында Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1786 фактісі тіркелді, еліміздің темір жолында 1055 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелді, оның ішінде 571 бас жылқы, 309 бас ірі қара, 87 ұсақ мал және басқалары.

Мәселен, 2 желтоқсанында Ақмола облысы Қырықыншы-Сарыоба станцияларының аралығында жүк пойызының машинисі теміржолда жылқылардың болуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, нәтижесінде 7 жылқыны қағып кетті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 38 минутты құрады.

Тексеру барысында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлерімен үй жануарларының иесі, елорданың 45 жастағы тұрғыны анықталды.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі (темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғ) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Дәл осындай факт 4 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Пресногорьковск-Бауманский аралығында да орын алды. Жүк пойызының машинісі жылқы табынын байқап, шұғыл тежеуді қолданды. Үш бас жылқы жүк пойызының астына түсті. Темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін мал иесі Солтүстік-Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалған 25 бас жылқы қораға қамалды.

Көлік полицейлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді және теміржол маңында жануарларды жаю кезінде мұқият болуларын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу