27 қазанда Целиноград аудандық полиция бөліміне кәсіпорындардың бірінің қызметкері қоңырау шалған.
Оның айтуынша, Ақмол ауылында кәріз құбырларын төсеу объектісінде экскаватор жүргізушісі жұмыс кезінде абайсызда әріптесін экскаватор шөмішімен жарақаттап алған.
Салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды.
Осы фактіге сәйкес полиция бөлімі ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу