Ақмола облысында жұмысшы опырылған топырақ астында қалып көз жұмды

1422

Ақмола облысында жұмысшы опырылған топырақ астында қалып көз жұмды

Ақмола облысында 46 жастағы ер адам опырыла құлаған топырақтың астында қалды. Бұл туралы ТЖД қызметкерлеріне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

ТЖД қызметкерлерінің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай 9 қарашада Ерейментау ауданында орын алған.  

"Торғай ауылында жер асты құбырын тартумен айналысып жатқан "Еңбекшілдер" ЖШС-нің 1970 жылғы жұмысшысы опырыла құлаған топырақтың астында қалған. Сол маңда жұмыс істеп жатқандар оның денесін дереу топырақтың астынан аршып алғанымен өміріне араша түсе алмады", деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде ер адамның денесі мәйітханаға жіберіліп, сараптама тағайындалған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу