Ақмола облысында жұмысшыны топырақ басып қалып, көз жұмды

238

Ол су құбырын тартып жатқан. 

Ақмола облысында жұмысшыны топырақ басып қалып, көз жұмды Фото: объектив восток

Ақмола облысында су құбырын тартып жатқан жұмысшыны топырақ басып, зардап шеккен ер адам оқиға орнында көз жұмды. Полиция аталған оқиға бойынша іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай Бұланды ауданында болған. 

Анықталғандай, су құбырын орнатып жатқан ер адамның үстіне топырақ үйіндісі құлаған. Салдарынан ер адам алған дене жарақатынан көз жұмған. Қайтыс болған жұмысшының 41 жастағы Алматы облысының тумасы екені анықталды. 

"Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі бойынша "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қолға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспектор тексеруде", - деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу