Ақмола облысында жұмысшының үстіне үлкен құбыр құлап кетті

298

Полиция тергеуді бастады.

Ақмола облысында жұмысшының үстіне үлкен құбыр құлап кетті Фото: freepik

Ақмола облысында полицейлер жұмысшының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

28 қарашада полиция бөліміне 34 жастағы ер адамның елорда ауруханасына жатқызу кезінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті.

Полицейлер бұған дейін марқұмның инженерлік құрылыстарды жүргізетін кәсіпорындардың бірінде жұмысшы болғанын анықтаған.

"Құбыр желілерін монтаждау кезінде ер адамның басына диаметрі 280 сантиметр, ұзындығы 13 метр пластикалық құбыр құлаған", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу