Ақмола облысында жыл басынан бері 16 адам өрттің құрбаны болды

1343

Ақмола облысында жыл басынан бері 16 адам өрттің құрбаны болды

Ақмола облысында жыл басынан бері 16 адам өрттен көз жұмды.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақмола облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің басшысы Денис Шелкоплясов мәлім етті.

Оның айтуынша,  2016 жылдың басынан облыс аумағында барлығы 563 өрт оқиғасы тіркелген.

"Жылу беру маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің дұрыс сақталуы маңызды. Өйтпеген жағдайда, қайғылы жағдай орын алатыны анық. Мәселен, жыл басынан бері өрттен 16 адам көз жұмды, 91 миллионнан астам теңгеге материалдық шығын келді. Адам өлімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама жоғары болып отыр", - дейді Д.Шелкоплясов.

Сонымен қатар, ол ыстан улану оқиғасы да өршіп тұрғанын атап өтті. 

"Оқыс оқиғалардың дені жер үйлердегі пештердің ақауы салдарынан туындап отыр.  Осы мақсатта ТЖД қызметкерлері облыс аумағындағы тұрғын үйлерге барып, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде ескерту жасады",  - деп атап өтті Д.Шелкоплясов.

Брифинг барысында көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында қауіпті елді мекендер мен жолдарды қардан тазарту, мереке, боранды күндері жолға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігі айтылды. 

ҚазАқпарат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу