Ақмола облысында жыл соңына дейін 38 медицина нысаны ашылады

185

Қазір көбінің құрылысы аяқталуға жақын. 

Ақмола облысында жыл соңына дейін 38 медицина нысаны ашылады Фото: ishim.centrfenix.ru

Жаңа амбулаториялық-емхананың барлығы қаладан шалғай орналасқан ауылдарда салынып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Нәтижесінде, 43 мыңнан астам ақмолалық сапалы алғашқы медициналық көмекке қол жеткізеді.

Жаңа медициналық мекеменің бірі Мәлік Ғабдуллин ауылында бой көтеріп жатыр. 500-ге жуық тұрғыны бар елдімекендегі ескі фельдшерлік-акушерлік пункт ескі үйдің ғимаратында орналасқан.

Сондықтан жергілікті халық жаңа нысанның ашылуын асыға күтіп жүр. Ал медициналық мекеме бұл ауылдан бөлек тек Мәлік Ғабдуллин ауылына ғана емес, көршілес тағы 4 ауылдың тұрғындарына да қызмет көрсетеді.

Бұдан бөлек, аймақта 20 емхана қалыпқа қалпына келтіріліп жатыр. Құрылыс жұмыстарына 3 млрд теңге бөлінді. Ал салынып жатқан нысандардағы құрылыс жұмысы жыл соңында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу