Ақмола облысындағы цемент зауытында 24 жастағы жұмысшы мерт болды

1241

Жас жігіт "Көкше цемент" ЖШС-да цех шебері болып жұмыс істеген.

Ақмола облысындағы цемент зауытында 24 жастағы жұмысшы мерт болды

Ақмола облысында цемент зауытында жұмысшының өліміне байланысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, қаңтардың 27-де Біржан сал аудандық полициясының кезекшілік бөліміне аудандық аурухананың медбикесінен медициналық мекемеге жеткізілген ер адамның көз жұмғаны туралы хабар түсті.

"Тексеріс кезінде мерт болған 24 жастағы жігіттің "Көкше цемент" ЖШС цех шебері болып жұмыс істегені анықталды. Ер адам жұмыс орнында вагонды сүйреу кезінде трос үзіліп кетіп, қарын тұсына тиген.

Қазіргі кезде осы оқиға байланысты ҚР ҚК 156 бабының 3 бөлігі бойынша (Еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды",– деді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу