Ақмола облысындағы елдімекендерге 88 дәрігер қажет

1131

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының сөзінше, биыл аймақтың ауылдық жерлеріне қызмет етуге 33 жас маман келген. 

Ақмола облысындағы елдімекендерге 88 дәрігер қажет

Ақмола облысында ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған жас дәрігерлерге 1 млн теңгеден қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды 24.kz.

Мұндай қолдауды жергілікті билік кадр тапшылығын жойып, мамандардың тұрақтап қалуы үшін жасап отыр. Себебі, аймақта қазір 400-ге жуық дәрігер жетіспейді.

Жергілікті әкімдіктен 1 млн теңге қаржылай көмек алған маман "Дипломмен – ауылға" бағдарламасының қатысушысы секілді сол елдімекенде 3 жыл жұмыс істеуге тиіс.

"Аудан әкімдеріне, қала әкімдеріне және облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мүмкіндігіне орай әрбір Ақмола облысына келген дәрігерді баспанамен қамтамасыз ету тапсырылды. Одан басқа медициналық ұйымдардың есебінен жағдайлары келгенше жәрдемақы беріледі",– дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қалдыбаева.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының сөзінше, биыл аймақтың ауылдық жерлеріне қызмет етуге 33 жас маман келген. Міне, соларға жыл соңына дейін 1 млн теңгеден үлестірілмек. Ал елдімекендерге әлі де 88 дәрігер қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу